Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев: Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат

22.10.2022, 10:20 439

HALYQLINE.KZ

Президенттің қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім болып жатыр. Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінің сайтында хабарланды.

«Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат», – деді мемлекет басшысы.

«Қазақта «Егемен болмай, ел болмас» деген терең мағыналы сөз бар. Кейде «Азаттық Қазақстанға кездейсоқ бұйырды, еліміз тәуелсіздігін ең соңғы болып жариялады» деген біржақты, үстірт тұжырымдар айтылып қалатыны жасырын емес. Бұл – сол кездегі жағдайды дұрыс бағамдай алмаған адамдардың сөзі», – деді президент одан әрі.

Сонымен қатар егемендікке бастайтын қасиетті жолды халқымыз ұзақ жылдар бойы жүріп өткенін еске салды.

«Ел ағалары және зиялылар ұлттың санасын сақтау үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Елдің рухын көтеретін астарлы көркем шығармалар жарық көрді. Ұлтымыздың азаттыққа деген ұмтылысы Желтоқсан оқиғасы кезінде айқын көрінді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: