HALYQLINE.KZ Шиелі аудандық орталық кітапханасында аудан әкімінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» әлеуметтік жобасының ұйымдастыруымен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл толуына орай мемлекеттік қызметшілер арасында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлт руханиятының көсемі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты қазақ халқының Алаш қайраткері, ірі ғалым, лингвист, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қазақтың біртуар азамат Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін сіңірген зор еңбегін дәріптеу.
Дөңгелек үстелді аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі бөлімінің басшысы Қ.Ратоваға сөз беріліп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянына, шығармаларына терең тоқталып көптеген мағлұмат алды. А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы қазақ әліпбиіне, әдебиетіне салған үлестері келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан белсене қатысқан қызметкерлерді марапаттап, сый-сияпат табыстады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!