Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Конституция күні туған Ермұханбет

31.08.2022, 11:15 312

 HALYQLINE.KZ Қазақтың ел болып, жер болып жекеленген шағынан бастап, яғни сонау XV ғасырдың орта тұсынан-ақ, белгілі заңдар жүйесіне бағынғандығы белгілі. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Осы сынды заңдар жүйесі бойынша тіршілік еткен қазақ халқы, тарих толқынында қаншама жылдарды кері шегеріп, бүгінде елдігімізді мойындатқан тәуелсіз, зайырлы мемлекет болып, Ата Заңымызды қабылдадық.

Қазақстан Республикасының Конституциясы − 1995 жылы  30 тамызда бүкіл халықтық  референдум өткізу жолымен қабылданды. Ата Заңымыз – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен азаматтық қоғамның негізі. Ал бұл елімізді дамытып, өркендетудегі басты бағытымыз.

Еліміздің болашағы – Ата заңымызды ардақтайтын, салт-дәстүрімізді құрметтейтін белсенді жастардың қолында. Осындай жастардың бірі,  Конституция күнімен қатар туған – Әбдраманов Ермұханбет Ералыұлы.

Ермұханбек Ералыұлы – бүгінгі күнде  қоғам тыныштығын  сақтап, елдегі тәртіпсіздікті түзеп жүрген полиция қызметкері 1990 жылы 30 тамыз күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол М.Қаратаев атындағы  №51 қазақ орта мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы мектепті бітіреді. Сол жылы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алып шығады. Ішкі істер саласындағы еңбек жолын 2014 жылы Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция батальонында бастайды. 6 жыл еңбек еткеннен кейін, Жаңақорған ауданы Полиция бөлімінің кадр саясаты тобының инспекторы лауазымы қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін жұмыс атқаруда.

 «Қазақстан Республикасының Конституция күні – бұл әрбір Қазақстандықтың жүрегінен орын алатын мереке. Өзімнің дәл осы мейрамда туылғанымды мақтаныш етемін. Конституция − тәуелсіздігіміздің айнасы. Ал сол еліміздің азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің негізгі міндетіміз, сондықтан өз басымызды бәйгеге тігуге, өмірімізге қауіп төніп тұрса да, өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысамыз», – деді полиция капитаны Ермұхан Ералыұлы.
 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: