Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шенеуніктердің жалақысы қысқарады

13.04.2020, 9:43 565

HALYQLINE.KZ –| Мұндай шешімді Эквадор президенті Ленин Морено қабылдап отыр. Ол елдегі шенеуніктердің жалақысы 50% қысқартылатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Baq.kz хабарлады.

Президент мұны елде коронавирус инфекциясының таралуына, мұнай бағасы құлдырап, бюждет тапшылығы болуына байланысты қолға алған.

– Мен елдегі жағдайға байланысты президент, вице-президент, министрлер мен вице-министрлердің ай сайынға жалақысын 50% қысқартуға бұйрық бердім,-деп жазды президент Twitter-де.

Бұдан бөлек, Морено мұндай қысқарту ұлттық парламет депутаттары мен жергілікті билік өкілдеріне де қатысты екенін жазды.

Жұма күні Эквадор басшысы елде гуманитарлық көмек қоры құрылатынын мәлімдеген еді, ол бюджет есібінен емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлердің жарнасы арқылы толықпақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: