Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

23.08.2022, 10:45 385

HALYQLINE.KZ Осы жылдың 22 тамызында Қызылорда қалалық мәслихатының құқық қорғау, әлеуметтік қолдау және жастар ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында «Қызылорда қаласының білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы» мәселесі қаралды.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Е.Бодановтың мәселеге орай хабарламасы тыңдалып, депутаттар тарапынан балаларды мектепке тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды арнайы оқытушы кадрлармен қамту, жеке мектептердегі білікті мамандардың тұрақты жұмыс істеуіне қолдау көрсету, дене шынықтыру және орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқытушыларды қысқартпау жолдарын қарастыру, мектептерге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін сапалы әрі мерзімінде аяқтау, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін білім беру ұйымдарының жоба-сметалық құжаттарын қаржыландырудың кезең-кезеңімен шешімін табуы, үш ауысыммен оқытуды жою бағытындағы қала мектептері жанынан қосымша құрылыс жүргізуді қолдау, «Мектепке жол» акциясына тұрмысы төмен отбасы балаларын толық қамтуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев және күн тәртібіндегі мәселелерге орай шақырылған жауапты сала мамандары, кент және ауылдық округтер әкімдері қатысты. Отырысқа комиссия төрағасы Қ.Ерназаров төрағалық етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: