Қазақстан мектептерінде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылып, 35-36 аптаға созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінде болған аппарат жиналысында айтылды.
Осылайша, елімізде мектеп оқушыларының каникул кестесі келесідей болады: ⠀
күзгі каникул – 2022 жылғы 31 қазан – 6 қараша аралығы (7 күн); ⠀
қысқы каникул – 2022 жылғы 31 желтоқсан – 2023 жылғы 8 қаңтар (9 күн); ⠀
көктемгі каникул – 2023 жылғы 18 наурыз – 26 наурыз (9 күн); ⠀
бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыстар – 2023 жылғы 6 ақпан – 12 ақпан (7 күн); ⠀
жазғы каникул – 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін (үш ай).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!