HALYQLINE.KZ Биыл Сырдария өзеніндегі су тапшылығының алдын алу мақсатында Қызылорда облысында көптеген жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ, облысқа қарасты елді мекендерге 61 насос қондырғысы жеткізіліп, 26 ұңғыманың бұрғылануы мен 14 каналды тазалау жұмыстары жүргізілген.
– Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы – 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 7 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, – деді басқарма басшысы М.Құрманбаев.
Ал судың ағынына келер болсақ, қазіргі таңда Шардара су қоймасына секундына – 83 текше метр су түсіп жатқан көрінеді. Ал Шардара өзенінің төменгі ағысына – 550 текше метр су тасталуда. Қызылорда облысы шекарасынан Көктөбе су бекеті арқылы секундына – 551 текше метр су өтуде.
– Қазіргі жинақталған судың көлеміне байланысты есептеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр Сырдария өзенінде судың аз болуы – ауыл шаруашылығы саласы мен жеке шаруаларға тікелей әсерін тигізді. Сол себепті су тапшылығының алдын алу мақсатында Шардарада – 500 млн текше метр су артық жинақталды, – деді Арал-Сырдария инспекциясының бөлім басшысы С.Абуов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!