Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Мектепке жол» акциясының мейірімі

05.08.2022, 16:30 1142

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында әлеуметтік көмекті қажет ететін 31 312 балаға «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Міндетті оқу қоры есебінен бір реттік көмек беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар жоғарыда аталған санатқа кірмейтін балаларға демеушілер есебінен көмек көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов брифингте хабарлады.

Бұл көмекті атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен айлық күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар алады. Ол үшін ата-аналар құжаттарын білім ұйымдарына ұсынуы керек.

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасады. Бүгінгі таңда ата-аналар білім беру ұйымдарына өз өтініштерін тапсыруда. Айта кетейін, жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін балаларға демеушілік есебінен көмек көрсетілетін болады, – деді Бағдат Камбозұлы.

Басқарма басшысының орынбасары сонымен қатар аймағымыздағы ірі өндірістік компанияларға, шағын және орта бизнес ұйымдарына осы акцияға қатысу туралы өтініш жолданып, ат салысуға шақырылып жатқандығын айтты.

Айта кетейік, бүгінде облысымызда әлеуметтік көмекті қажет ететін 31 312 отбасы бар. Оның ішінде, атаулы көмек алатын отбасылардың саны – 12 748, күн көріс көрсеткіші төмен отбасылар – 15 377, ал жетім және ата-ана қамқорлығынсыз балалардың саны – 593. Сонымен қатар білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындаған 2594 бала бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: