Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сырдария ауданының әкімі жиын өткізді

05.08.2022, 11:30 629

HALYQLINE.KZ Кеше Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері және дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. Аппарат мәжілісінде аудан әкімі ең алдымен кадрлық өзгеріске тоқталып өтті.

Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Қарсақбаев Нұрлан Әнуарбекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты атқарып отырған лауазымынан босатылды. Аудан басшысы Нұрлан Әнуарбекұлына ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан үлесі мен еңбегіне оң баға беріп, аудан әкімдігінің алғыс хатын табыстады. Алдағы қызметіне абырой мен табыс тіледі.

Бүгінгі мәжілістің күн тәртібінде негізгі 2 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселесі бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Өмірбаев аудан бойынша коронавирустық инфекциясының эпидемиялық ахуалы және ревакцинациялау жұмыстарының жүру барысы туралы хабарлама жасады.Қазіргі таңда індеттің таралуы әлем бойынша қайта күшеюде. Оның ішінде республика аймағындада індеттің өршуі болып отыр. Осы жылдың 20 маусымынан бастап республика бойынша коронавирус жұқтыру арта бастаған.

Осы ретте, ауданымызда короновирус жұқтырудың 38 жағдайы тіркелген. Оның 23 жағдайы симптомды, 15 жағдайы симптомсыз.Мәселеге қатысты аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы: «Сақтық шараларына аса мән беріп, тиісті жұмыстарды күшейтуіміз керек. Республикада және облыс бойынша коронавирус инфекциясының көп тіркелуіне байланысты жаңа оқу жылына мектептер санитарлық талапқа сай келтіру қажет. Бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Тұрғындар арасында кеңінен насихаттық жұмыстарды жүргізіп, алдын алу шараларын қол алыңыздар», деп тиісті салаларға тапсырма жүктеді.Бірінші мәселеге қосымша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ж.Үсенов хабарлама жасап, ауданда ревакцинациялау жұмыстарының жүру барысы туралы баяндады.

Ревакцинациялау жұмысы қаңтар айының 20 нан бастап жүргізіліп келеді. Аудан бойынша ревакцинацияның бірінші кезеңінде келген 13 493 доза 100% егілсе, ІІ ревакцинацияға 989 доза келіп олда 100% егілді. Сонымен қатар, қазіргі кезде келіп жатқан QazVac вакцинасы арнайы мұздатқышты қажет етпейді, қалыпты жағдайдағы мұздатқышта сақталады. Сондықтанда елді-мекендердегі егу бекеттеріне тасмалданып егуге рұқсат берілген. Аудандық аурухананың 1 қабатында 1 егу бекеті бар және елді-мекендер бойынша 13 егу бекеттері вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде.

Мәжілістің келесі күн тәртібінде ауданда мемлекеттік сатып алу жұмыстары туралы аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Д.Әлшеров хабарлама жасады. Аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімімен биылғы жылдың өткен кезеңімен (7 ай) аудан бойынша ашық конкурс тәсілімен, яғни орындалатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен сатып алынатын тауарларға барлығы 56 (елу алты) мемлекеттік сатып алулар жариялады, өткен жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш – 42 болып, 33 пайызға артты. Оның ішінде, орындалатын жұмыс түрі – 33, көрсетілетін қызметтер – 21, сатып алынатын тауарлар түрі – 2.

Мемлекеттік сатып алу саласы аса маңызды және күрделі сала екендігі баршаңызға мәлім. Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүргізілмесе тиісті лауазымды тұлғаларды тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы әбден мүмкін. Заңсыздықты болдырмаудың ең бірінші алғышарты – ол алдын алу жұмыстары.

Аудан басшысы бұл салаға мұхият қарап, заң бұзушылықтарды болдырмау, тиісті бөлім тарапынан басқада аудандағы мемлекеттік мекемелерге түсіндірме жұмыстарын жүргізуді, семинарлар мен құқықтық кеңестерді беруді жүктеді.

Мәжіліс қорытындысымен М.Ергешбаев аудан әкімінің орынбасарларына, аппарат басшысына берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: