Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіптік білім түлегі – келешек кәсіптің иесі

29.07.2022, 12:00 384

HALYQLINE.KZ Балық шаруашылығы – облыс экономикасындағы маңызды саланың бірі. Бүгінгі таңда Кіші Аралдан мыңдаған тонна балық аулап, балық өнеркәсібін дамытуға бетбұрыс жасау аралдықтардың алдындағы нақты міндет. Оның алғышартының бірі – кадр дайындау. Осы балық кәсіпшілігіне байланысты орта буын мамандар даярлауда Арал индустриалды-техникалық колледжінің үлесі орасан зор.

Аталған оқу ордасы теңіз төскейіндегі кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. 1927 жылы балық аулау артелі болып құрылған колледж алғашқыда жергілікті тұрғындардан балықшылар бригадирлерін, ау құралдарын септеп тоқу мамандарын даярлаған. Кейін «Юнга» мектебі болып қайта құрылып, кіші қайықтарға матрос, мотористерді түлетіп шығарған.

Қазіргі кезеңде колледж 11 мамандық, 20 біліктілік бойынша заманға сай, сұранысқа ие мамандықтарға баулиды.Білікті де тәжірибелі педагогтар жұмыс істейтін білім ордасында студенттердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуына қолайлы жағдай жасалған. Колледждің материалдық–техникалық базасын түбегейлі жақсарту мақсатында облыс, аудан әкімшілігінің басшылығымен КМК «Арал вагон жөндеу Зауытына» қарасты «Сауда орталығы-Асхана» және «Электр цехы» ғимараттары мектеп балансына қайтарымсыз алынып ғимараттарға 2002 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 12 теориялық оқу кабинеттері, 5 оқу шеберханасы, 3 зертхана, спорт залы, медпункт, кітапхана, әдістемелік және тағы басқа қосымша бөлмелер қызмет жасауда. Колледж әлемнің озық елдерінде табысты қолданылып келе жатқан дуальды оқыту жүйесін де табысты жүзеге асыруда.

Колледжде студенттері іс-тәжірибеден өтетін 25 әлеуметтік серіктестік мекемелерімен тығыз байланыс орнаған. Онда студенттер Жас маман жобасы аясында жабдықталған жаңа инновациялық технологиялардың көмегімен алған білімін практика жүзінде шыңдап келеді. Сындарлы шақтарды бастан өткеріп, бүгінде келешегі зор салалардың дамуына орай мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта даярлау және біліктілікті көтеруде нағыз ұстаханаға айналған білім ордасы осы ілкімді істерін жалғастыра бермек.

Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: