Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Білім ошақтарын аралады

18.07.2022, 10:30 424

HALYQLINE.KZ Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов қала аумағындағы білім бөліміне қарасты бірқатар мекемені аралады. Басты мақсат – білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру. Қала әкімі алдымен Б.Құлтекенов көшесіндегі жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен салынып жатқан, облыста әзірге баламасы жоқ 1500 орындық мектептің құрылысымен танысты.

“Байтерек Скул KZ» ЖШС-нің жауапкершілігіндегі жеке білім ұясы барлық заманауи құрылғылармен жарақталып, бір мезгілде 1500 оқушыны қабылдай алады. Ең бастысы жеке мектеп болса да, білім беру ақысыз негізде жүргізіледі. Бұндай сыйымдылықтағы мектеп салу қажеттілігі өңірдегі 3 ауысымдық оқуды болдырмаудан туындап отыр. Мектепті аралап шыққан қала әкімі Асылбек Шаменов мердігер мекеме басшысына балалардың еш алаңсыз білім алуына қажетті жағдай жасалуын, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін тапсырды.

Содан соң шаһар басшысы Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейге жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігер мекеме «SCS-Инжиниринг» ЖШС-не тиесілі жұмыстар – мектептің қасбеті, терезелері, ішкі қабырғалары мен едендері және есіктері, электр желілері мен кәріз жүйесін жаңартып, мектеп ауласын асфальттау. Сәуір айында басталған күрделі жөндеудің қазіргі таңда 60 пайызы ғана орындалған. Қала әкімі мердігер мекеменің директорына оқушылардың жаңа оқу жылын өз білім ұясында жалғастыруы үшін жұмысты жылдамдатуды, сондай-ақ сапалы түрде мектеп басшылығына өткізуді тапсырып, барлығы өзінің қатаң бақылауында болатынын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: