Жалған мәміле жасап, қаражатты криминалды қолма-қолға айналдыруға қатысты тағы бір қылмыстық іске сот жаза тағайындады. Бұл туралы ҚР ҚМА Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірнеше заңды тұлғамен заңсыз мәмілелер жасап, нақты орындалмаған жұмыстар үшін 2018-2021 жылдар аралығында жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан «Жетіашар» ЖШС-нің әрекетін әшкерелеген. Оннан аса фирмаларды осындай әрекетке тартқан кәсіпкер әр мәміле бойынша қолма-қолға айналдырылған сомадан белгілі бір пайыздық мөлшерде сыйаақы алып отырған.
Бірнеше кәсіпкерлік нысанының салықтан жалтару мақсатында, әртүрлі тауарларға есеп айырысқаны жөнінде қосымша құн салығы көрсетілген жалған шот-фактураларының айналым сомасы 370 млн теңгеге жеткен. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті төленбеген салық түрінде барлығы 118 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтірілгенін көрсетті.
Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен, серіктестік басшысы Избасар Айбек ҚР ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Көрнекі коллаж
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!