Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шаһар басшысы Қараөзек ауылының әкімін таныстырды

02.06.2022, 12:25 777

HALYQLINE.KZ  Қызылорда қаласына қарасты Қараөзек ауылдық округі әкімі Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлының өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының тапсырмасы негізінде, Қалалық сайлау комиссиясының 2022 жылдың 29 сәуірдегі қаулысына сәйкес, Қараөзек ауылдық округі әкімін сайлау 29 мамырға бекітілген болатын.

Қараөзек ауылдық округі әкімін таныстыруға қала басшысы Асылбек Шәменов қатысып, тұрғындармен еркін тілдесті.

Өздеріңіз білетіндей, Ел президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылдан бастап, аудандық  маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауы өткізіледі.  Кешегі сайлауда ауыл тұрғындарының белсенділік танытып, еркін түрде дауыс беруге мүмкіндік алды. Ел сайлаған әкім ауыл қажеттілігіне көңіл аударады деп сенім білдіреміз, – деді қала әкімі А.Шәменов.

Ары қарай қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіқадыр Ергешбаев сайлау нәтижесін жариялап, жаңа әкім куәлігін табыстау үшін сөз алды. 

 Ауыл басшысы қызметін атқаруға 4 үміткер  өзін ұсынып, соның ішінде үш кандидат тіркелген.  Енді қорытындыға келсек, жалпы ауылда 1771 сайлаушы бар, ал қатысқандар саны 1452 адам, яғни, 80 пайыздан астамы өз дауысын берді. Сайлау қорытындысы негізінде 70%-дан аса дауыс жинаған Әбдіжаппар Сәкен Нысанұлы қайта әкімдік қызметке оралды, құттықтаймыз! – деп, қорытынды мәлімдеме жасады Ә.Нәлқожаұлы.

Әкімнің өз қызметіне қайта оралғанына жұртшылық қуанып, талап-тілектерін жеткізді. Десе де, сайлауға ауылдағы мемқызметкерлерді еріксіз түрде қатыстырған басшыға наразы болған жұртшылық сын-пікірлерін де айтып салды. «Болсын» дейтін ауыл азаматтары өздерінің ұсыныстарымен бөлісіп, қайта сайланған әкім сол ауылға көшіп келіп, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен етене танысуын қалайды. Полиция қызметкерінің де ауыл тыныштығын күні-түні күзетуі үшін жүргенін қосып, барлық қызметкерлер ауыл ішінде болса екен дейді. Келген қауымның ықыласын алған әкім алдағы уақытта жұмысын жеделдетіп, ауыл азамат-азаматшаларымен бірлесе көптеген іс-шараларды ұйымдастыру ойда бар екенін баяндады.

Ердәулет ҚАЛИЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: