HALYQLINE.KZ Рэперлер өз кезегінде бүкіл дүниежүзін жаулап алды. Олар қоғамдағы келеңсіздіктерге, нәсілшілдікке ашық қарсы шықты. Өмірді боямасыз көрсетуге тырысты. Бірақ, кейбір рэперлердің өмірлері қысқа болды. Белгісіз жағдайларда қайтыс болды. Небәрі 20-ның табалдырығын енді аттаған өрімдей жастардың өлімі кімдерге керек болғаны белгісіз? Бүгін біз өмірден тым ерте кеткен рэперлерге шолу жасадық.
Тупак Шакур – атақты рэпер. Тупак 25 жылдық өмірінде бірнеше рет істі болды. Бірақ, ұзамай ақталып шығатын. Ол нәсілшілдікке батыл қарсы шықты. Қоғамның бет-бейнесін ашып көрсетті. Рэппердің өлімі де жұмбақ болды. 1996 жылдың күзінде Майк Тайсонның жекпе-жегін тамашалап қайтқан Тупакты әлдебіреулер атып кетті. Тупак есін жимастан бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды. Альбомдары әлі күнге дейін таралымы жағынан өзге рэперлерді шаң қаптырады.
Яки Кадафи – небәрі 19 жас қана өмір сүрген. Тупактың өліміне куәгерлердің бірі және Тупактың жақын досы. Тупак қайтыс болғаннан кейін, бір айдан кейін рэперді әлдебіреу атып кеткен.
The Notorious B.I.G. – танымал рэпер. Тупакпен бірге бірнеше рэп жазған. 1997 жылы 24 жасында Лос-Анджелесте рэпер оққа ұшты. Бір қызығы бір жыл бұрын дәл осы жерде, Тупакка оқ атылған еді. Бұл өлім де құпия күйінде қалды.
XXXTentacion – Джасей Дуэйн Онфрой, жұртшылыққа XXXTentacion лақап атымен танылған рэпер. 1998 жылы дүниеге келген. 2018 жылы екі бейтаныс бұзақылар рэперге оқ атып, ізін суытқан. Рэпер көз жұмды. Оның кейбір жанкүйерлері әлі күнге рэперді тірі деп санайды.
Джимми Уопо – XXXTentacion қайтыс болғаннан кейін, бірнеше сағаттардан соң атақты рэпер Jimmy Wopoны белгісіз біреулер атып кеткені айтылды. Рэпер 21 жаста еді.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!