Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімі жұмыс сапарын Арал ауданынан бастады

19.04.2022, 9:00 405

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарын Арал ауданынан бастап, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, тұрғындармен тілдесіп, пікір алмасты.

Алдымен аймақ басшысы 11 мыңнан аса халқы бар Сексеуіл кентіндегі теміржолшыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Мердігер компания «Базис-А» ЖШС 38 екі пәтерлі тұрғын үй салуда. Қазіргі таңда оның 8-і пайдалануға берілсе, қалған 30 үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысанда жүргізілген жұмыстарды саралаған өңір басшысы құрылысы аяқталуға жақын 8 үйді 15 мамырға дейін бітіріп, отбасыларға табыстау қажет екенін ескертті.

Арал ауданына аялдаған облыс әкімі Сексеуіл кентіндегі құрылысы аяқталмаған 40 төсектік аурухананың жағдайын көрді. Нысан облыстық бюджет қаржысы есебінен салынуда. Алайда, қазіргі таңда құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты бас мердігер «Атамекен» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарына өзгерістер мен түзетулер енгізуде. Құрылыс алаңында аудан әкімі Серік Сермағамбетов кентті газдандыру, автомобиль жолдары, электр әуе желілерін қайта жаңғырту, «Құмсай» бөгетін күрделі жөндеу жобаларына қатысты өзекті мәселелерін жеткізді.Аймақ басшысы ауруханаға бөлінген қаржы көлемін тиімділігіне қарай қайта қарап, артық шығынын қысқартуды және тез арада ұсыныс енгізуді міндеттеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: