Forbes әлемдегі ең бай адамдардың 36-шы жыл сайынғы рейтингісін жариялады. Бұл тізімге бес қазақстандық — долларлық миллиардер кірді.
Әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған 36-шы рейтингісінде 2 668 миллиардер бар.
Тізімге 5 қазақстандық кірді – Владимир Ким (байлығы 5 млрд долларға бағаланады, 2021 жылы — 4,6 млрд), Тимур Құлыбаев (3,8 млрд доллар, 2021 жылы — 2,8 млрд), Динара Құлыбаева (3,8 млрд доллар, 2021 жылы — 2,8 млрд), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар — 2021 жылы — 3,4), Вячеслав Ким (2 млрд доллар, 2021 жылы — 3,3 млрд).
Қазақстанда тұратын, бірақ басқа мемлекет азаматтары болып табылатын тағы екі миллиардер де Forbes тізіміне енді. Kaspi.kz акционері және басқарма төрағасы, Грузия азаматы Михаил Ломтадзе 1,9 миллиард доллар (2021 жылы — 3,2 миллиард доллар).
Сондай-ақ, Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушы және акционері, Ресей азаматы Тимур Турлов, оның байлығы былтыр 2,1 миллиард доллардан биыл 2,4 миллиард долларға дейін өсті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!