Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» бекітілді

31.03.2022, 11:35 1712

HALYQLINE.KZ Қазіргі сәтте еліміз жаңа саяси реформалар мен дамудың жаңа моделін қалыптастырып, түбегейлі өзгерістер мен бетбұрыстарға бағыт алған кезеңді бастан кешуде. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында баса айтқан болатын.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлының айтуынша, бүгінде облыс әкімдігі тарапынан аймағымыздағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

«Аймақтағы өзекті мәселелерді тиімді шешу мақсатында жыл басында «Әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасы» бекітілді. Бұл картада барлық сала бойынша бірінші кезекте шешілуі тиіс мәселелер қамтылып, мәселені шешудің тиімді жолдары мен жауапты салаға қатысты нақты міндеттер айқындалды. Жыл басында орын алған «Қаңтар оқиғасы» бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де күшейту керектігін және өзекті мәселелерді шешуде барлық сала асқан жауапкершілікпен жұмыс жасау қажеттігін көрсетті», — деді Қайрат Ырзақұлұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: