Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Брежнев Сталинмен бір-ақ рет кездесіп, билікке жолы ашылған

19.02.2022, 10:00 1007

HALYQLINE.KZ

Брежневтің ұлты орыс болғанымен, Сталин оны молдаван деп ойлап қалған болатын. 1952 жылдың 2 сәуірінде Л.И.Брежнев Молдовия Компартиясының 1-ші хатшысы болып тағайындалған болатын. 1952 жылдың 5-14 қазан аралығында өткен ВКП (Б)-нің 19 съезіне молдовиялық делегаттарды Москваға бастап апарады.

Ол кезде 46 жастағы Л.Брежневтің қалың қара шашына және қалың қасына қарап Сталин қасындағы көмекшісінен: «Анау сұлу молдаван кім?» деп сұрапты. Съездің жабылу салтанатындағы концертте Молдовия өнерпаздарына риза болған Сталин: «Сендердікі өте күшті дайындықпен келіпті» деп мақтапты, көсемге молдован емес екенін қалай айтсын, үндемей басын изеп риза болып қалды.

Осы съезде екі үлкен жаңалық болды. ВКП(б) деп аталып келген большевиктер партиясы КПСС деп аталатын болды, екіншісі Брежнев КПСС Орталық Комитетінің мүшесі болды. Сосын Қазақстан Компартиясының 1-ші хатшысы болып жүргенде, Москваға шақырылып, 1960 жылы СССР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды, 1964 жылы қазанда Никита Хрущевті орнынан алуды М.Суслов екеуі ұйымдастырып, орнына «бір ауыздан» өзі сайланады.

Брежнев туралы айтқанда, оның ролін кинода сомдаған СССР халық артисі Евгений Матвеев (1922-2003) туралы айтуға да болады. Қалың қара қасты Матвеев шынымен Брежнеевке ұқсайтын. 1976 жылы «Азаттық» киноэпопеясының жалғасы «Азаттық солдаттары» фильмінде генерал Брежневтің ролін тамаша ойнап шыққаны үшін екі рет Ленин орденімен марапатталып, сол 1976 жылы СССР Кинематографиясының төрағасы болып тағайындалды. Оның осы биікке көтерілуін іштей көре алмаған бақталастары Горбачев билікке келіп, жариялық пен демократияға бет бұрғанда күшіне мінді. Баспасөзде Матвеев Брежнев ролінде ойнағаннан кейін қасын өсіру үшін күнде азанда жуынып болған соң қасын вазелинмен майлайтын болды дегенге дейін барды. 1986 жылы СССР Кинемотаграфияшыларының 6-съезінде әріптестері осыны бетіне айтып келеке қылды, съезд делегеттары бір ауыздан төрағалықтан босатуға дауыс берді. «Сары басылымдар» Матвеевті масқаралайтын мақалаларын шығаруды үдете түсті, сондай күндерде өзіне-өзі қол салмақшы да болды. Бұл туралы досы Сергей Макаровқа: «Мені асылап өлуден не сақтап қалды білесің бе? Ол менің – әйелім, менің бойымдағы барлық адамгершілік және жақсы қасиеттер сонымен бірге тұрған кезден бастап дари бастаған болатын, сол адамды мен неге тастап кетуім керек?» деген болатын. Осы басынан өткізген ауыр күндерді өзіне-өзі келген соң, соңғы түсірген кинотрилогиясы «Любить по русский» деген үш фильмінің басты кейіпкері арқылы көрсетіп, кезінде ит сияқты талаған әріптестеріне «шах», сосын «мат» қоя білді.

Сүйікті жары Лидия Алексеевнамен (1925-2017) 56 жыл бірге тұрып, 2003 жылы қайтыс болды.

Бақытжан Абдул-Түменбаев,

тарихшы, журналист-дайджест

 

Пікірлер:
  • Бақытжан Абдул Түменбаев ағамыз керемет тарихи мазмұны бар оқиғаларды әнгімелерді жазады.Сізге мың да бір рахмет.Кешігі Совет үкіметі кезінде жазылмаған талай адам тағдырын суреттеп жазған әнгімелерін қызыға оқыймын.Сол кездердегі айтылмай келген каншама деректерді енді біле бастадым.Әсіресе өз елімізде айтылмай жаткан қаншама жаксылықтар,орны толмас киындықтарды білу біз үшін үлкен тарбие болады.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: