Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 20 көше жөнделді

09.02.2022, 14:30 404

HALYQLINE.KZ «Құрылысы 2019 жылы басталған С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысына өткен жылы республикалық бюджеттен 294,1 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ұзындығы 4,6 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау үшін қажетті 99 млн теңге осы жылы облыстық бюджеттен бөлінбек. Биыл толығымен аяқталады деп жоспарлануда» дейді бүгінгі өткен брифингте «Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Дархан Бақтияров.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын веложолақ, автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы, суағарлар және жарық бағаналарын орнату қарастырылған.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының сұранысына орай, қаламыздың шет аймағындағы, яғни Қорқыт ата, КБИ, Титов, Гагарин, Шанхай, Әл-Фараби тұрғын аудандарындағы ұзындығы 12,6 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қаржы бөлініп, былтыр толығымен аяқталды.

– Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, қалалық бюджеттен 301,6 млн теңге бөлінген. Ал, орталық және шет аймақтардағы ұзындығы 7,7 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесі күтілуде. Мердігер мекемелермен келісім шарт жасалғаннан кейін, тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді Дархан Бақтияров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: