Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Күндер мен күнәлар

05.02.2022, 11:00 542

HALYQLINE.KZ

Бір кісі өз-өзін есепке тартыпты. Ол үшін бүкіл өмірін жалпылама алпыс жыл деп алып, сол алпыс жыл ішінде қанша күн бар екенін есептегенде 21 900 күн шығыпты. Бұны көріп есі шыға безек қаққан әлгі кісі өкіріп жылап қоя беріпті.

– Күн сайын бір күнәдан істесем осыншама көп күнәмен қай бетіммен Алланың алдына барам?! – деп жанын қоярға жер таппай егілген ол, сол мезетте талып қалыпты.

Есін жиғанда жаңағы нәрсе қайта есіне түсіп, қайтадан талып кетіпті. Маңайындағылар оятуға тырысқанда оның өліп қалғанын бір-ақ біліпті.

Иә, біздің қанша күнә істеп жатқанымызды кім білсін? Соңымыз не болар екен? Алла бәрімізді де кешірсін!

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: