HALYQLINE.KZ Қызылорда облысында жыл басынан бері 4 176 адам коронавирус жұқтырды.
Өңірде коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. Жыл басынан бері 4176 адам коронавирус жұқтырды. Облыс 30 қаңтардан бастап облыс «сары» аймақта тұр. Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23 707 адам тіркелсе, науқастардың 90 пайызы емделіп шықты.
«Айта кетерлігі, 11 қаңтардан бері қатерлі індетті тәулігіне 100-ден жоғары жұқтыру дерегі тіркелген. Ал 28 қаңтардан бастап аурушаңдық көрсеткіштері төмендей түсті. Өткен тәулікте коронавирусқа шалдыққан 55 адам тіркелді. Олардың басым көпшілігінде клиникалық белгісі анықталған жоқ. Науқастардың арасында 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер 16 адамды құрады», – деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депаратменті.
Өңірде қазір 2 327 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынды. Облыста індеттің ірі ошағы – Қызылорда қаласы. Аудандар үлесі бойынша індет ошақтары Шиелі және Жаңақорғанда анықталды.
Қазақбай ӘНДЕШҰЛЫ,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 4-курс студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!