Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Вакцина ерікті және тегін түрде жүргізіледі

03.12.2021, 10:30 442

HALYQLINE.KZ «Бүгінгі таңда №3 емханаға қарасты тіркелген емделушілердің 1242-сі «Pfizer» вакцинасын алған. Оның 647-сі – оқушы, 444-і – студент, 125-і – жүкті әйел, 26-сы – емізулі ана» деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында 3 қалалық емхананың педиатр дәрігері Элеонора Қайырғалиева.

Жалпы алғанда, «Pfizer» вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарды вакцинациялау үшін ұсынады. Қазіргі уақытта әлемнің 20-дан астам елінде 12 жастан бастап егеді. Ал жекелеген елдерде 3 не 5 жастан бастап балаларға вакцинация жүргізуде. Америкада «Pfizer» вакцинасын 8 миллион адам алған.

«Қазақстанда коронавирустық инфекцияларға қарсы вакцина тегін жүргізіледі және ерікті болып табылады. 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялауға ата-аналарының немесе олардың олардың заңды өкілдерінің хабардар етілген жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған», – деді Э.Өмірқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: