Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын Самғау – 2021» үздіктерді анықтайды

23.11.2021, 15:30 758

HALYQLINE.KZ Қазақстан ҰОК спорт жылының қорытындысы ретінде «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық Спорттық Жүлдесі үшін дауыс беру басталғанын мәлімдейді. Ұлттық спорттық жүлдені салтанатты табыстау рәсімі Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай желтоқсан айының ортасында өтеді.

Пандемияға байланысты былтыр дәстүрлі марапаттау рәсімін өткізуге мүмкіндік болмады және осыған орай ҰОК биыл жүлде иегерлерін анықтау форматына және шараның өзін ұйымдастыруға бірнеше өзгерістер енгізді.

22 қараша күні сағат 13:00-ден бастап, 29 қараша күні түскі 13:00-ге дейін Olympic.kz сайтында спортсүйер қауым келесі номинациялар бойынша үміткерлерге дауыс бере алады:

1. «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»;

2. «Қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы»;

3. «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»;

4. «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы»;

5. «Жылдың үздік командасы»;

6. «Жыл жаңалығы».

Дауысыңызды мына сілтемеге өту арқылы бере аласыз.

2021 жылғы жүлдені ұйымдастырушыларының шешімімен биыл «Үздік спорттық аймақ» номинациясында жеңімпазды ұлттық федерациялар анықтайды. Олар Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармалары арасында ең спорттық аймақты таңдайды. «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік ұлттық спорт федерациясы ҚР ҰОК жанынан арнайы құрылған комиссия анықтайды. Ұлттық Паралимпиада комитеті паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ең үздік спортшы мен жаттықтырушыны таңдайды. Сонымен қатар, Спорттық жүлде аясында ұлттық құрамаларда тер төгетін кешенді ғылыми топтардың қызметкерлері арасында спорттық медицинаның ең үздік маманы аталып, ҚР ҰОК-ның «Қазақстан спортының игілігі» арнайы сыйлығымен марапатталады.

«Ұлттық спорттық жүлде – 2021 – бұл ең алдымен спорттық мереке. Ұлттық құрамалардың спортшылары мен жаттықтырушыларының режимі үздіксіз жаттығулар мен жарыстардан тұрады. «Altyn Samgay» – оларды қолдап, адал еңбектері үшін алғыс білдіруге таптырмас мүмкіндік. Биыл біз жүлдені еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап отырмыз. Бір қызығы, Қазақстанның Олимпиадалық қозғалысы да Тәуелсіздігіміздің төл құрдасы. Жүлде кезінде біз спорт ардагерлерін әрқашан құрметтейміз және биыл тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихына өзгеріс енгізгендерге ерекше көңіл бөлінетін болады», – деп атап өтті ҚР ҰОК.

Дәстүр бойынша бір іс-шараға еліміздің жетекші спортшылары, спорт ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және өз салаларының үздік мамандары қатысады, бұл #teamKZ – «Бір ел – бір команда» философиясының тамаша көрінісін көрсетеді.

Барлық үміткердер тізімі келесідей:

«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

– Сәкен Бибосынов (бокс);

– Елдос Сметов (дзюдо);

– Игорь Сон (ауыр атлетика);

– Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);

– Қамшыбек Коңқабаев (бокс);

– Нұрислам Санаев (еркін күрес);

– Дархан Асаділов (каратэ);

– София Берульцева (каратэ);

– Жәмиля Бақбергенова (әйелдер күресі);

– Теміртас Жүсіпов (бокс)

«Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы»

– Юлия Галышева (фристайл-могул);

– Жанбота Алдабергенова (фристайл-акробатика);

– Павел Колмаков (фристайл-могул);

– Надежда Морозова (конькимен жүгіру);

– Әділ Ғалиахметов (шорт-трек);

– Денис Никиша (шорт-трек).

«Жазғы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»

– Ғалымжан Жылгелдиев (дзюдо);

– Мырзағали Айтжанов (бокс);

– Александр Ким (көркем гимнастика);

– Григорий Ким (садақ ату);

– Асқар Молдағали (каратэ).

«Қысқы спорт түрлері бойынша жылдың үздік жаттықтырушысы»

– Елена Круглыхина (фристайл-могул);

– Мәдіғали Қарсыбеков (шорт-трек);

– Дмитрий Бабенко (конькимен жүгіру).

«Жыл жаңалығы»

– Анастасия Городко (фристайл-могул);

– Милад Карими (спорттық гимнастика);

– Елена Рыбакина (теннис);

– Нилуфар Райымова (әйелдер күресі);

– Әмір Зәкіров (брейк-данс);

– Махмұд Сабырхан (бокс);

– Нұрқанат Әжіқанов (каратэ).

«Жылдың үздік командасы»

– Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы;

– «Алтай» волейбол клубы;

– Футзалдан Қазақстан құрамасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: