Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университеттің 18 студенті Президенттік стипендия иеленді

23.11.2021, 11:45 749

HALYQLINE.KZ Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 18 студенті Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына ие болды. Президенттік стипендия биылғы қыркүйек айынан бастап оқу  үлгерімі «өте жақсы» және университеттің қоғамдық жұмыстарында белсенділігімен ерекшеленген білім алушыларға тағайындалып отыр. Бұл студенттер қазіргі уақытта 81 000 – 171000 теңге көлемінде стипендия алады.

Білімді әрі белсенді жастарға қашанда жүйелі қолдау бар. Президенттік стипендия иегерлерінің бірі – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының 4-курс студенті Айжан Дастанбек.

– Оқу орнына алғаш қабылданғанда Президенттік стипендия иегерлерімен танысудың сәті түсті. Сол кезде «мен де осындай үздік студент боламын» деген мақсат пайда болды. Бірақ Президенттік стипендия 3-курстан бастап тағайындалады. Ол үшін екі курс бойы барлық пән бойынша «өте жақсы» оқу қажет. Президенттік стипендия ең алдымен білім алушының оқу үлгеріміне және қоғамдық жұмыстардағы белсенділігіне қарай тағайындалады. Өзім халықаралық, республикалық олимпиада, конференциялар мен ғылыми жоба конкурстарының жүлдегері атандым. Қазір 81 мың теңгеден астам шәкіртақы аламын, – деді Айжан Дастанбекқызы.

Президенттік стипендияны екінші оқу жылында да иеленген білім алушылардың қатарында «Жерге орналастыру» мамандығының 4-курс студенті Нұрсұлу Сүйіндік те бар.

– Білім алушылар үшін бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Бізге Президенттік стипендияға үміткерлерден құжат қабылдау басталғанын Инженерлі-технологиялық институтының директоры Гүлзат Асқарова хабарлады. Тамыз айында іріктеу жұмыстары жүргізілді. Биыл да Президенттік стипендия иегері атанғаныма қуаныштымын. Кейбір студенттер сабақ уақытынан тыс жұмыс істеп, қосымша қаражат табуға тырысады. Меніңше сабақты үздік оқып та, жоғары шәкіртақыны иеленуге мүмкіндік мол, – деді студент.

Айта кету керек, стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;

2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;

3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;

4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.

Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын иеленген білім алушылар тізімі:

Нұржан Жарылқасын – 6В04140 – Экономика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Гүлнұр Шахмардан – 6В01516 – Химия-Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Ақерке Қонысбай – 6В07365 – Құрылыс білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Ақзер Бодыкова – 6В04246 – Құқықтану білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Азамат Абимолдаев – 6В03238 – Журналистика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Дана Тұрғанбек – 6В06149 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Әлия Бекенова – 6В04142 – Есеп және аудит білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Динара Амирова – 6В11177 – Туризм білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Жаңыл Сәрсенбай – 6В04140 – Экономика білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Айжан Байдосова – 5В012500 – Химия-Биология білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Ақжайық Тәжі – 6В01101- Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Жансая Мирамбекқызы – 6В01517-Биология білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Перизат Тобжан – 6В06149 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 3-курс студенті

Аружан Алданазарова – 5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Айдана Дәурен – 5В030100 – Құқықтану білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Айжан Дастанбек – 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Нұрсұлу Сүйіндік – 5В090300 – Жерге орналастыру білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Динара Болатбек – 5В070300 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 4-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: