HALYQLINE.KZ Күніне мыңдаған адам пойызбен жолға шығады. Бұл – өзге транспорттарға қарағанда әлде қайда қауіпсіз әрі қызықты саяхат. Ал, техниканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар үздіксіз жұмыс істеуде. Десе де, төтенше жағдайдың алдын алу үшін 2021 жылғы қазан айының 26 күні 11 сағат 00 минутта Қызылорда қаласы, Егізбаев көшесі №12 мекенжайда орналасқан «АГМ-Табыс» ЖШС-нің жолаушылар вагонында бірлескен өрт тактикалық жаттығуы өткізілді.
Мұндай оқу жаттығу өз кезегінде қызметкерлердің теміржолдағы жолаушылар және жүк вагондарындағы болған өрттерде жауынгерлік іс-қимылдарын арттыруға, өртті дер кезінде сөндіруге көмектесетіні сөзсіз. Жалпы, шарада НОРП-31 мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінен 12 қызметкер және Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметінен 17 қызметкер, 3 техника қатыстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!