Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бізді өлтіретін нәрсе – жемқорлық пен жағымпаздық

10.10.2021, 14:00 609

HALYQLINE.KZ

…Бізде ешқандай оппозиция жоқ. Оппозиция болып жүргендері – сол рөлді ойнап жүрген саяси әртістер. Ал ашық сөйлеп жүрген себебім, Қазақстан Конституциясында жазылғандай, сөз бостандығын пайдаланып, азаматтық пікірімді ашық айтамын. Менің пікірім біреуге ұнар, біреуге ұнамас, ол – екінші мәселе. Кейде менің пікірім биліктің ұстанымына қайшы келеді. Ол да заңдылық. Өйткені менің журналистік ұстанымым бар, азаматтық пікірім қалыптасқан азаматпын. Мен ешқашан біреу туралы ақылы пост жазып, ақшаға біреу туралы пікір жазған емеспін. Дамыған елдердің қатарына кіреміз десек, әр азамат өзінің ойын ашық айтып, өзінің ұстанымында тұра білуі керек. Себебі, бізді өлтіретін нәрсе – жемқорлық пен жағымпаздық, жалпақшешейлік. Жемқорлықпен күресу үшін сөз бостандығы болуы қажет. Сөз бостандығы дегеніміз – тәуелсіз БАҚ болуы керек деген сөз. Жағымпаздық та біздің жүйенің ең дертті жері. Бір өкінішті нәрсе – Қазақстанда тәуелсіз БАҚ жоққа тән. Сондықтан әлеуметтік желі тәуелсіз баспасөздің қызметін атқарып отыр. Оған да тәубе!

Ашық сөйлеп, ақиқат жолын ұстанғаным үшін бірнеше жерде таяқ жегенім рас. Өзіңіз сұрап отырғандай, былтыр Қарағандыда болған оқиға соның бір көрінісі. Ол күлкілі жағдай. Әрине, сын мен оғаш пікір ешқашан билікке жақпайды. Ол анық. Олар мені бір-екі күн ғана тұтқында ұстап, бостандыққа жіберуге мәжбүр болды. Өйткені заңды түрде олардың мені ұстап отыруға нақты себебі болған жоқ. Сол үшін де сотқа жеткізбей жіберді. Ол кезде мен заң бұзған жоқпын. Ешкімнен кешірім де сұраған жоқпын. Мен өзімнің не айтатынымды жақсы білемін. Айтқан сөзіме жауап бере аламын. Ол үшін ешкімнен кешірім сұрамаймын.

Арман  ШОРАЕВтың  «Жас  Алаш»  газетіндегі  сұхбатынан.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: