Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шәкірттер шахмат ойнап шыңдалып жүр

07.10.2021, 15:45 1021

HALYQLINE.KZ Шахмат – ақыл-ойдың ойыны. Иә, бұл сөйлемді бәріміз айтып жүрміз. Бірақ, іс жүзінде ойынның ережесін, әдіс-тәсілін, т.б. жасөспірімдерге қаншалықты үйретіп, оқытып жатырмыз? Оқушылар шахматтың қыр-сырына қанықты ма, жетістікке жетіп жүр ме? Бұл сұрақтарға жекелей де, жалпылама да жауап беруге болады. Соңғы жылдары Сыр елінің топырағы шахматтан әлемдік, халықаралық жарыстарда олжа салып жүрген жеткіншектерді тудырды. Міне, мұның өзі Қызылордадағы шахмат спортының даму динамикасына дәлел бола алады.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» жолдауында «Балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болуда. Өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуге тиіс. Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету қажет» деген еді. Әрине, балаларды дұрыс жолға бейімдеу – кез келген ұстаздың міндеті, арманы. Ал, оларға қолдау көрсетуді мемлекет те өз міндетіне алып отыр.

Жалпы, бүгінгі күні қаламызда шахмат үйрететін орталықтар, жеке мектептерде үйірмелер баршылық. Бұл өзара бәсекелестікті тудырып, ойнаушылар санының артуына, шахматтың дамуына әкеледі. Осы күні «Orda school» жеке мектебінде «Intellect» ойын клубы жұмыс істейді. Аз уақыттың ішінде ойын клубының жұмысы жоғары дейгейде жүргізілді. Оның дәлелі бүгінгі күні шәкірттеріміз облыстық жарыстарда, турнирлерде топ жатыр жүр. Оқушыларымыз республикалық жарыстарда да төбе көрсетеді.

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру – басты міндетіміздің бірі» деген еді. Иә, кез келген спорттық ойын оқушылардың патриоттық сезімін арттырады, оларға ерік-жігер сыйлайды.

Жеңістің бір ғана баспалдақтан тұрмайтынын шәкірттер жақсы біледі. Өткен жылғы пандемиялық жағдайда біз оқушылардың жеке жұмыс жүргізуіне жол аштық. Шахматты онлайн ойнауға баулыдық. Бүгінде әртүрлі әдістемелік кітаптар мен журналдар арқылы шәкірттерге шахматтың алғашқы әліппесінен бастап шарықтау шегіне дейін үйретуге тырысып келеміз. Осылайша, оқушылар шахмат ойнап шыңдалып жүр.

Қасымхан МҮСІРЕПХАНОВ,

«Orda school» жеке мектебінің

дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: