Ол болмаса –
Аштан қатып,
Көштен қаласың.
Ойын-сауық кештен қаласың.
Ешкім ескермей.
Естен танасың.
Көп жерге бара алмай,
Бұғып қаласың.
Сылтау айтып, ығып қаласың.
Сөйтіп, санақтан шығып қаласың.
Ол өзінен-өзі келе қоймайды,
Біреу көмек бере қоймайды.
Қасыңа жан жақындаймайды,
Сөзіңді ешкім мақұлдамайды.
Шешуі: Басқа емес, АҚША!
Қазыбек Әшірбекұлы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!