Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: КВИ жұқтырғандардың 91 пайызы жазылды

17.09.2021, 15:00 608

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні Қызылорда облысы – «Сары аймақта». Өңірде індет жұқтырған 17 247 адам тіркелсе, оның 91 пайызы жазылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір әкімінің орынбасары Балжан Шәменова мәлім етті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша, коронавирус инфекциясымен 3392 адам тіркелсе, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін тіркелген науқас саны 13 855-ті құрап отыр.

«Жыл басынан бері 1908 адам пневмониямен ауырып, сауығып шықты. Аурушаңдық шілде-тамыз айында көбейді. Ал қыркүйек айында төмендеп келеді. Кеше 64 науқас тіркелді. Сонымен қатар, инфекциялық төсек-орын саны 1160, оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 135, бүгінге жүктеме 30% құрап отыр. Эпидемиологиялық ахуал күшейген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын санын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылды», – деді Шәменова.

Оның мәліметінше, коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына 2 айлық дәрі-дәрмек қоры, қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті. 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1500 аралығында сынама алынуда.

«Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның екпенің 1 компонентімен 72,7%-ы, яғни 291 237 адам вакциналанды, 2 компонентімен вакцинациялау кестесіне сәйкес жүргізілуде, халықтың 60,7 пайызы қамтылды. Облыс бойынша 106 егу кабинеті ашылған. «Ashyq» жобасы арқылы 3548 нысан жұмыс істеуде», – деді облыс әкімінің орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: