Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Індет жұқтырған балалар саны артқан

28.07.2021, 18:00 349

HALYQLINE.KZ

Аймағымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал көпшілігімізді алаңдатып отыр. Күн өткен сайын коронавирус инфекциясына шалдығып жатқан науқастардың қатары артуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте №6 қалалық емхана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова сөз етті.

– Індет жеткелі бері салмақты жүк медицина саласының мамандарына артылып келеді. Күн демей, түн демей азаматтарды ажалдан арашалап жүрген ақ халатты әріптестерімнің еңбегі орасан. Дәрігерлер, орта және кіші буын қызметкерлері өздерінің міндетін мінсіз атқаруда. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы талай жантүршігерлік жағдайдың куәсі болдық. Пандемия кезінде қаншама жақындарымыздан айырылдық. Салғырттықтың кесірінен сан соғып қалдық. Биыл мұндай жағдайға жол бермеуіміз керек.

Вирустың бұл түрімен былтыр ересектер ғана ауырса, қазіргі уақытта балалар арасында да коронавирус індеті көптеп кездесуде. Балаларға инфекция вакцина алмаған ата-аналарынан жұғуда. Сондықтан да кеселді дертті жеңудің жалғыз ғана жолы вакцина салдыру екендігін естеріңізге салғым келеді, – деді ол.

Иә, екпе ектіруге күмәнмен қараудың қажеті жоқ. Вакцина салдыру арқылы Сіз өзіңіздің және өзгелердің өмірін сақтайсыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: