Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тарихшы: «Біз ашаршылық кезінен бастап ұлттық санадан айырылдық»

11.07.2021, 9:00 468

HALYQLINE.KZ «Мен ашаршылықты өз көзіммен көрдім. 3-4 жасар кезім. Шешем мені көтеріп бара жатты. Айналамда өліп жатқан адамдар. Базардан бір нәрселер алып, қайтып келе жаттық. Көзім қарны жарылып жатқан адамға түсіп еді, шешем көзімді көлегейлеп жаба берді. Сонда адамның іші кеуіп, жарылып кетеді екен. Мұның бәрі саналы түрде қолдан жасалған геноцид екенін кейін білдім», – дейді ғалым. 

Ол 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы айтты.

«Шешем, қарындасым үшеуміз жолға шықтық. Кеш болып қалған кезде бізді үш қасқыр қоршап алды. Мен қорыққанымнан анамның етегінің ішіне кіріп кеттім. Қасқырлардың көзі жарқырап тұрды. Бір кезде таяғына сүйенген шешем мені арқалап, қаша жөнелді. Қасқырлар жым болып қалды. Одан кейін қарындасымның шыңғырған дауысын естідім. Қасқырлар таласып, оны жеп жатты. Біз сайға түсіп кетіп, аман қалдық. Осындай жағдай қазақ даласының әр жерінде болып жатты…

Сол кезде «Сталин мұны білсе – қойдырар еді» деген сөздер айтылушы еді. Негізінде керісінше екен ғой… Оның мақсаты ұлы даланы иесіз қалдыру еді. Өзімізді өзіміз қолға алмасақ, басқа ешкім жанашыр болмайды. Жастар тарихты жақсы біліп, шындықты ашуы керек. Біз сол ашаршылық кезінен бастап ұлттық санадан айырылдық. Институт бітіргеннен кейін ғана менің санам ашыла бастады. «Қазақ қалай орыстандырылды?» деген кітапты жазып, қазақтың ой санасына әсер ете алғандай болдық», – дейді тарихшы Мекемтас Мырзахметов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: