Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ынтымақ» өңіраралық рухани байланыс телекөпірі өтті

01.07.2021, 15:40 428

HALYQLINE.KZ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және Астана күніне орай Павлодар және Қызылорда облыстарының арасындағы «Ынтымақ» өңіраралық рухани байланыс телекөпірі өтті. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы өткізген шараның мақсаты – Қазақстанның Солтүстік және Оңтүстік өңірлері арасындағы өзара мәдени, тарихи, саяси және шығармашылық байланысты орнату, әріптестік қарым-қатынасты нығайту, Тәуелсіз қазақ жерінің кеңдігі мен біртұтастығын насихаттай отырып, екі өңір халқының татулығы мен ынтымағын, бауырмалдығы мен сыйластық дәстүрін, ұлттық бірегейлігін жаңғырту. Және Алаштың анасы атанған Сыр елі мен қасиетті Баянауыл өлкесінің тарихи тамырластығын бүгінгі ұрпаққа дәріптеу, тарихи сабақтастықты одан әрі дамыту.

Телекөпірге екі облыстың шежіре тарихшылары, саясаткерлері, мәдениет саласының қызметкерлері, «Серпін» бағдарламасына қатысушылары және жыршы-термешілер қатысты.

Қызылорда облысынан облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Н.Наурызбаева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, ҚР Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Б.Ахметбек, дәстүрлі жыршы-термеші М.Сүгірбай, Қызылорда қаласының Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің 11-сынып оқушысы С.Піржан қатысады.

Павлодар облысынан Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары С.Османова, тарихшы, жазушы, Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің бөлім меңгерушісі Е.Қайыров, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Жазушылар Одағының облыстық филиалының директоры Ж.Амантай, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Қуатбек телекөпір арқылы байланысқа шықты.

Тарихшылар екі елдің тарихи байланысын кеңінен қозғаса, саясаткерлер жұмыс күші көп өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аударуда мемлекет жүргізіп отырған ұтымды мемлекеттік бағдарламалар мен солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар мәселесіне тоқталды. Мәдениет саласының қызметкерлері өңіраралық рухани байланысты нығайту бағытында бірлескен жоспарларға тоқталса, жастар елдегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі – «Серпін» бағдарламасы бойынша сапалы білім алып, тұрақты жұмыс орнын табуға зор мүмкіндік екеніне тоқталды. Шара дәстүрлі жыршы-термешілердің жырымен аяқталды.

Екі өңір халқының кәсіби, рухани, мәдени кемелденуіне даңғыл жол ашу (өңіраралық рухани байланысты нығайту, айтыс үйірмесі, жыраулық дәстүр мектебі, т.б ашылуына ықпал жасау, Оңтүстіктің жастарын «Серпін», «Еңбек», «Көші-қон» бағдарламалары арқылы Солтүстікке тарту – телекөпірден күтілетін нәтиже.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: