Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жер түгендеу жұмыстары жүргізілуде

14.05.2021, 15:30 450

HALYQLINE.KZ Өздеріңізге белгілі, қала аумағында кейбір жер учаскелері координатталмай, базаға енгізілмеген. Ақпараттың ашықтығын және халық пен бизнестің оған толық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы деректердің бірыңғай ұлттық базасын құру мақсатында облыс әкімдігінің тапсырысы аясында Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті және ауылдық округтарды қосқанда түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Түгендеу жұмыстардың мақсаты – жерлердің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бойынша құрамы мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді нақтылау және алу.

Түгендеу жұмыстарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы мамандары жүргізуде. Түгендеуші мамандар қызметтік куәліктерімен қамтамасыз етілген.

Түгендеу жұмыстарды жүргізу барысында түсінікпен қарауларыңызды және жер учаскелеріңізге қол жеткізуді қамтамасыз етуді сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: