HALYQLINE.KZ Пультті ең алғаш ойлап тапқан қазақ азаматы Шәкен Ниязбеков екен. Ол 1960 жылдары Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысы арқылы жұртшылықты таң қалдырған болатын.
Сонымен қатар, Ш.Ниязбеков 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында бас жүлдені ұтып алады. Кейін онысы Ленинградтағы көрмеге де қойылып, өкінішке қарай осы дүниесі қолды болып, оны ұрылар жымқырып кетеді. Сол үшін тіпті іске Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласқан көрінеді. Көп ұзамай ұрлық ашылып, мұны Жапонияның жансызы алғаны айғақталады.
Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлепті. Демек, пультті қазақ ойлап тапқан деп мақтанышпен айтумызға әбден болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!