Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инфекцияның алдын алу бойынша мәжіліс өтті

14.04.2021, 11:00 497

HALYQLINE.KZ  Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша мәжіліс отырысы өткізілді.

Жиынға халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, халық банк филиалының басшысы, дербес бөлім басшылары, полиция қызметкерлері, мониторинг топ мүшелері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандағы ахуалға байланысты санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Төлепбергенова сөз алып, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Жиын барысында аудан басшысы емхана мен ауруханада карантиндік шараларды қатаң сақтауды, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті болуын қадағалап, үнемі бақылауда ұстап отыруды және қамтамасыз етуді қатаң тапсырылды.

Сонымен бірге, ауданда құрылған мобильді топ құрамымен мекемелерді, кәсіпкерлік нысандарды, сауда үйлерін аралап түсіндірме жұмыстарын белсенді жүргізу жүктелді.

Жиын соңында аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: