Египетте, Луксорға жақын жерде археологтар құм астынан үш мың жыл бұрынғы алтын қаланы тапты. Бұл жөнінде экспедиция басшысы, тарихшы Захи Хавасс хабарлады.
Ғалымның айтуынша, бұл қала – Египетте осыған дейін табылған қалашықтардың ең үлкені. Қала біздің заманымызға дейінгі 1391-1353 жылдары осы елді басқарған фараон Аменхотеп III кезінде негізі қаланған. Бұл қалада оның ұлы Аменхотеп IV тұрған.
Қала көшелерінде қабырғасы үш метр болатын үйлер сақталып қалған. Археологтар шарап сақтаған құты арқылы және Аменхотеп III-тің мөрі арқылы қаланың қай кезеңде тұрғызылғанын анықтаған. Қаланың солтүстік жағынан сол заманда адамдарды жерлеген қабірлер табылған.
Бұл аймақты қазу жұмыстары былтыр қыркүйекте басталған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!