HALYQLINE.KZ
Иранда әйелдер мен қыздарға екінші дәрежелі адамдар ретінде қарайды. Олардың құқықтарының өрескел бұзылуының бірі – ерте некеге тұру. 14 жасқа толмаған қыздарды күйеуге береді. Бұл туралы БҰҰ-ның Ирандағы адам құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Джавид Рехман мәлімдеді, – деп хабарлайды БҰҰ-ның ресми баспасөз қызметі.
– Егер біз қыздар мен әйелдердің құқықтары туралы айтатын болсақ, онда қазіргі кездегі Ирандағы ең күрделі мәселелердің бірі – балалармен некеге тұру мәселесі. Үкімет пен басқа басшылар елдегі некеге тұрудың заңды жасын көтеріп, осы тәжірибемен күресу үшін келесі шараларды қабылдауы керек, – деді Д.Рехман.
Заңға сәйкес, Иранда қыздар 13 жасынан бастап үйлене алады. Сонымен бірге, одан да жас қыздарды күйеуге береді. Бұл үшін ата-аналар мен судьялардың арнайы рұқсаты қажет. БҰҰ мәліметтері бойынша, Иранда алты ай ішінде 10 мен 14 жас аралығындағы 16 мың қыз тұрмысқа шыққан.
– Заңды некеге тұрудың қазіргі жас шамасы жай ғана қолайсыз. Ерте үйлену қыздардың дамуына және денсаулығына зиян тигізетіні, олардың білім алу және жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін шектейтіні, оларды зорлық-зомбылықсыз өмір сүру құқығынан айыратыны анық, – деп атап өтті арнайы баяндамашы.
Қазіргі кездегі Ирандағы ең күрделі мәселелердің бірі – балалар арасындағы некеге тұру мәселесі. Ол елдің заңнамасына енгізілген өзгерістерді, атап айтқанда, қышқыл қолдану арқылы әйелдерге шабуыл жасағандарға жазаны қатаңдататын заң қабылдауды құптады. Бұл Иранда өте кең таралған қылмыс. Сонымен қатар, Рехман ел билігі әйелдерді қорғау және олардың мүмкіндіктерін арттыру үшін көп нәрсе жасауы керектігін айтты. Арнайы баяндамада өмірдің барлық салаларында Иранда әйелдер шектеулерге ұшырайды. Олар өздігінен шешім қабылдай алмайды, көбінесе олар күйеулерінің немесе әкелерінің ресми рұқсатын қажет етеді.
Фото ашық дереккөзден алынды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!