Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ана – өмір шуағы

09.03.2021, 12:00 428

HALYQLINE.KZ  8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі орай аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап бейнетінің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлерін мерекемен құттықтады.

Өнегелі әулеттің отын маздатып, шамшырағы болған Рабиға Көпешова бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді. Ардагер ұстаз, ардақты әже өмірге әкелген 4 перзентінен 12 немере, 22 шөбере сүйіп отыр.

Әйтеке би кентінде тұратын құрметті теміржолшы Назипа Досжанова – 84 жаста. Көп жылдар теміржолда электрогазосварщик болып еңбек еткен Батыр ананың 9 баласы бар.

19 немере мен 6 шөбересі бар Қағаз Баеке Жанкент ауылында тұрады. Жастайынан еңбекке жақын өскен абзал ана көп жыл шаруашылықта сауыншы болып жұмыс істеді. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған бақытты әже.

Биыл 63 жасқа толған Нина Паули ғасырдан астам тарихи бар Қазалы қаласындағы метеостанция мекемесінен зейнеткерлікке шықты.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков мереке иелеріне сый-сияпатын ұсынып, ізгі тілегін арнады. Хал-жағдайын сұрап, аналардың ұсыныстарын тыңдады. Мұндай құрметке ризашылығын білдірген аналар алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Қазалы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: