Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалыда мерекелік жиын өтті

09.03.2021, 10:30 731

HALYQLINE.KZ Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана – өмір шуағы» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға Батыр аналар, білім, денсаулық сақтау саласының ардагерлері және түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген арулар қатысты.

Әнмен әсемделіп, күймен көмкерілген мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, ақжаулықты аналарымызды, қарындастарымыз бен қыз-келіншектерді осындай тамаша мерекемен құттықтап, тілек білдіруіміз қажет. Өйткені біз кім болмайық, қандай болмайық, ең әуелі аналарымыздың алдында мәңгі қарыздармыз. Көктем мерекесінің қарсаңы сондай ыстық ықыластың ақтарылатын кезі. Ер азаматтардың ардақты анасына, сүйікті жарына, аяулы қызына, қадірлі құрбысына ілтипат көрсететін сәті, – деді Күнтілес Айдарбекұлы.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша кәукейлік Бағдагүл Орынбаева, бозкөлдік Әлия Қолдасова, Әйтеке би кентінің тұрғындары Гүлжахан Батырбек, Әсел Айтмағамбетова «Алтын алқа», шәкендік Малика Надирова, бекарыстанбилік Эльмира Дабылдиева, Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Айымкүл Келімбетова, Қазалы қаласының тұрғыны Жанар Калжанова, Тасарық ауылының тұрғыны Алмагүл Абжалиева, жанкенттік Зияш Өмірзақова «Күміс алқа» алқамен марапатталды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков түрлі салада жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар қазалылық аруларға облыс және аудан әкімдерінің «Алғыс хаттарын» табыстады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: