HALYQLINE.KZ Кез келген халықтың арқауы – отбасы. Халықтың салт-дәстүрлері отбасында сақталып, өркендейді және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Біздің қоғам дені сау, адамгершілігі зор ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті рухани мықты отбасының көп болуына мүдделі.
Қазақстан халқы ассамблеясы отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді жастар арасында ілгерілетуге мән беріп келеді. Қазақстандық отбасының, ананың, сіңілі-қарындастың болашағы көп жағдайда қазіргі ұрпақтың қандай отбасылық құндылықты бойына сіңіргеніне байланысты. Еліміздегі барлық игі дүниетанымдарды: тілін, ділін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересінен шөбересіне дарытушы аналарға, барша қазақтарға мың алғыс!
Раиса СМАХАНОВА,
Қызылорда облыстық татар
этномәдени бірлестігінің ардагері
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!