HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары халықаралық «World Art Games» онлайн байқауында қос жүлдеге ие болды.
Байқауда оқушылар «Батырлар ұраны», «Girl on fire» атты әндерді айтып, вокал номинациясы бойынша сынға түсті. Сегізінші сынып оқушылары Уәлихан Ибадулла мен Сырсұңқар Базарбайұлы І орынды иеленсе, 9-сыныптың білім алушысы Жансая Жолдасбек ІІ орынмен марапатталды.
20 мемлекеттің өнерпаздарының басын қосқан бұл көпжанрлы байқауда балалар шығармашылығын белгілі музыканттардан құралған қазылар алқасы бағалады.
– Жеңімпаз оқушылар – бліммен қатар өнерді алып жүрген мектептің белсенділері. Бірі бұрыннан ән салса, енді бірі мектепке келгелі вокалдық дағдыларын дамытуда. Бұл жетістіктері алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға үлкен сеп болады, – дейді ән-әуез пәнінің мұғалімі Жарасбек Өтебаев.
Айта кетейік, жүлделі орындарды иеленген оқушылар мамыр айында Испанияда өтетін «SEA SUN FESTIVAL» халықаралық фестиваліне жеңілдікпен қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!