Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

М.Ергешбаев: «Бос ғимараттарды тиімді пайдалану керек»

15.02.2021, 10:30 489

HALYQLINE.KZ Қазалы ауданында бос тұрған мекеме ғимараттарын жөндеп, жатақханаға айналдыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Бұған дейін Әйтеке би кентіндегі көне аудандық аурухана мен №204 мектептің ғимараттары жөнделіп, жатақханаға бейімделді. Бүгінгі таңда мұнда 100-ге жуық отбасы тұрып жатыр.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Қазалы қаласындағы тері-жіңішке аурулар бөлімінің бос тұрған ғимаратына арнайы барып, нысанның қазіргі күйімен танысты. Сол арада аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа ғимаратты толық зерттеп, жатақханаға бейімдеу үшін жобадайындауды тапсырды.

– Қазіргі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 1500-ден астам адам кезекте тұр. Бұл тізімге ілінбей қалған баспанасыз адамдар да бар. Олар ай сайын 30-40 мың теңгеге пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Біз осындай азаматтарды уақытша болса да баспанамен қамтамасыз етуіміз қажет, – деді аудан әкімі.

Аудан басшысы жоба дайындалғанда тұрғындарға қажетті барлығына ортақ тамақ дайындайтын орын, душ, есіктің алдында балалар ойын алаңы болу қажеттігін баса айтты.

Ал, Қазалы қаласының әкімі Рахметулла Ізтілеуге жергілікті қоғамдастық жиынында осындағы бос тұрған ғимараттарды жатақханаға бейімдеуге байланысты мәселе көтеріп, халықтың ой-пікірін толық тыңдау қажеттігін айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: