Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

05.02.2021, 9:15 448

HALYQLINE.KZ

Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа №5 қаулысы жарық көрді. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Қаулы бойынша, талаптар сақталған кезде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, Қазақстанға шетелден әуерейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етілмек:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген анықтаманы ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

халықаралық транзитпен қатынайтын жолаушылар транзитті аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады.

Қазақстанға мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автомобиль өту жолдарымен келетін адамдарға қатысты іс-шаралар мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етілмек:

Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) теріс нәтижесі бар анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локоматив бригадаларының мүшелерін, қызметі теміржол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда барлық келген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту сәтінде нәтижесі берілген күннен бастап есептегенде 3 тәулік бұрын берілген Анықтаманы ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасына теміржол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өту жолдарымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері арқылы келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, локоматив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

Құжаттың тағы жаңалығы діни нысандарға байланысты. Мысалы, «қызыл» және «сары» аймақтардағы діни нысандарда ұжымдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Ал «жасыл» аймақта мешіттерде толымдығы 30 пайызға дейін ұжымдық құлшылыққа рұқсат етілген.

«Мешіттерде толымдылығы 30 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. 150 адамға дейінгі, толымдылығы 25 пайыздан аспайтын мешіттерде, ауылды жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі», – делінген қаулыда.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: