Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пробация есебіндегі азаматтарға азық- түлік таратылды

05.01.2021, 12:55 450

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, мейірімділік таныту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Қайырымдылық көмек жасауды игі дәстүрге айналдырған Жаңақорған аудандық пробация қызметі жылдың  басын жақсылықтан, қайырымдылық көмек көрсетуден бастады. Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және хал актілер тіркеу бөлімімен бірлесіп, пробация қызметінің есебіндегі тұрмыс жағдайы төмен екі отбасыға азық-түлік таратты.

– Жақсылық жасау баяғыдан келе жатқан салтымыз. Жақсылық жасау арқылы, мейірімділігімізді  көрсетеміз. Пробация есебіндегі азаматтар арасында жағдайы төмен отбасылар да бар. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің тұрмыстық, әлеуметтік жағдайы бізге мәлім. Сол себепті  үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп  келеміз,- деді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы Анарбек Искаков.

Азық-түлік тарату барысында пробация қызметкерлері олармен құқық бұзушылық оқиғаларын болдырмау мақсатында профилактикалық мәні бар түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атақару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: