Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақбөкендер Сыр беткейіне үдере көшуде (Видео)

25.12.2020, 14:45 578

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ  Арқа төсіндегі ақбөкендер қысы жайлы Сыр беткейге үдере көше бастады. Осыған орай, құзырлы органдар «Киік» акциясын жүргізуде. «Охотзоопром» инспекторлары киелі жануарды қорғау мақсатында қашықтан басқаратын ұшақ аппаратын пайдалануда. Мамандар Қызылқұмға қоныс аударған киіктердің сирек кездесетін кадрларын жариялады.  

Бетпақ даланың қысы қазір қақап тұр. Ал желтоқсан – ақбөкендердің күйлейтін кезеңі. Сондықтан, жабайы жануарлар жылдағы ізімен жаппай оңтүстікке бет алып, Сырдың құмын пана қылатын байырғы әдеті. Міне, сол ен далада жайылып жүрген 2 мыңнан аса киік ұшқышсыз ұшақтың бейнетаспасына түсіп қалған. Үйір-үйірімен жайлы қоныс іздеген киіктердің сұлулығы көздің жауын алады. Бұл заманауи құрылғы 4 сағат бойы аспанды шарлап, кез келген аумақтың кординатын дәл береді. Әсіресе, браконьерлердің жолын кесуге өте қажет аппарат. Жалпы, жыл басынан бері қаскөй аңшылар 100-деген бас түз жануарын өлтірген. Охотзоопром инспекторлары «осындай тың тәсілдер арқылы ақбөкендерді қызғыштай қорғасақ, олардың санын еселеп көбейте аламыз» дейді.  


Берік Жорабеков, «Охотзоопром» РМК Қызылорда аумақтық филлиалының басшысы:

Безпилотник аппаратының ең ауқымды айтатын болсақ, ол сағатына 180 шақырым жылдамдық алады. Сонымен қатар, 110-150 шақырым аумақты еркін түсіріп және қандай да бір нысандар болатын болса, жақсы түсіріп әрі қарай құрықтау жұмыстарына мықты көмектеседі.

Сәбит Серімбетов, Облыстық табиғат қорғау прокуратурасының аға прокуроры:

Негізгі мақсат – атуға тыйым салынған жануарларды браконьерлерден қорғап қалу. Оны әрі қарай жетілдіріп, көбейту. Өздеріңізге белгілі, биылғы жылдан бастап браконьерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына санкциясы 7 жылдан бастап жаза қолданылды. Қазіргі таңда ауыр қылмыстар санатына жатады.

Әділбек ЖАҚАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: