Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыршы-термешілер фестивалі өтті

23.12.2020, 12:30 940

HALYQLINE.KZ Бекарыстан би ауылдық мәдениет үйінде «Азаттықты аңсаған арыстарым» атты жыршы-термешілер фестивалі өтті. Облыстық деңгейде өткен шара Асандар көтерілісінің 90 жылдығына арналды.

Ауылдағы айтулы шараны құттықтау сөз сөйлеп ашқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев өзіндік мақамы бар жыршы-термешілерге алғыс айтты. Мұнан соң бірқатар ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерді аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Облыстық жыршы-термешілер фестивалін есімі елімізге белгілі жыршы, жерлесіміз Марат Сүгірбай жүргізіп отырды. Осы өнер жыр мерекесінде жыраулық өнердің жампозына айналып үлгерген – Марат Сүгірбай, Өмірзақ Жанболат, Серік Жақсықұлов, Әділхан Қуаңбаев, Шолпан Бимбетова, Майра Сарсенбаевалар өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Облыстық жыршы-термешілер фестивалінде өнер көрсеткендердің барлығына да диплом мен арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: