HALYQLINE.KZ Мұзафар Әлімбаев Бердібектің соңына «үш әріптің» 1958 жылдан түскенін айтты ғой. Ол қатал бақылау 1970 жылдары тіпті ұлғайды. Оған себеп болған 1973 жылдың желтоқсанында Алматыда өткен Азия мен Африка жазушыларының дүниежүзілік конференциясы еді.
Бұл туралы жазушы Рымғали Нұрғали «Таудан түскен адам» атты естелігінде Бердібектің Қонаевқа: «Мен Қазақстан түгіл, одан зорғыға да арызданғанмын кезінде. Әділет, шындық бар екен деп. Азия және Африка жазушыларының Дүниежүзілік конференциясының атына, Ташкентке жағдайымды айтып, үйсіз-күйсіз жүргенімді көрсетіп телеграмма салам деп өмір бойы пәлеге қалдым емес пе? КГБ-сы да, ЦК-сы да, Жазушылар одағы да итті қуалағандай соңыма шоқ алып түсіп берсін. Сіз дүрілдеп тұрған шағыңызда қол ұшын берген жоқсыз, бүгін мені мақтап, жүрегімді жара жаздадыңыз. ТҮГЕЛ АЙТАТЫНЫМЫЗ ӨТІРІК. БАРЛЫҒЫ ӨТІРІК. КІТАП ӨТІРІК. ГАЗЕТ ӨТІРІК. АДАМДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ӨТІРІК. ӨТІРІК, ӨТІРІК. БӘРІНЕН ЖАЛЫҒЫП КЕТТІМ», – дегенін жазады.
Бұл әңгіме бертінде, Қонаев орнынан түскеннен кейін болған.
Әлеуметтік желіден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!