Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Google-ден ең көп ізделген сөз қайсы?

10.12.2020, 15:00 997

HALYQLINE.KZ Google іздеу жүйесі Қазақстанда 2020 жылы ең жиі сұралған мәліметтер тізімін жариялады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2020 жылы қазақстандықтар Google–дан «Коронавирус» сөзін ең жиі іздеген. Ел оқушылары пандемия салдарынан қашықтықтан оқуға мәжбүр болғандықтан сұраныстардың алғашқы орындарында «Онлайн мектеп», «kundelik.kz», «Оk.edus.kz», «Classroom» және «bilimland» ресурстары тұр. Сонымен бірге қазақстандықтар АҚШ-тағы сайлау туралы ақпаратты, 42 500 теңге туралы мәліметті көп іздеген. Сондай-ақ Egov.kz порталына кіргендер де жетерлік. «Қағаз үй» («Бумажный дом») телехикасына деген сұраныс та жоғары болыпты. Адамдардың есімі жағынан қазақстандықтар қайтыс болған Айсұлтан Назарбаевты Google-дан көп іздепті. Екінші орында – Коби Брайант. Ол өткен жылдың қаңтар айында әуе апатынан қайтыс болған америкалық баскетболшы.

Сонымен бірге қазақстандықтардың саясатқа да қызығушылығы жоғары екені байқалған. Бұған Джо Байден, Дональд Трамп, Алексей Навальный және Александр Лукашенко секілді саясаткерлердің есімін жиі іздегені дәлел болмақ. Сонымен қатар, қазақстандық қолданушыларды Михаил Ефремов, Артем Дзюба, Чедвик Боузман және Борис Клюев туралы ақпараттар да қызықтырған. Ал көп сұранысқа ие болған фильмдердің қатарында «Жұқтыру» («Заражение») триллері көш бастап тұр. Үздіктер қатарында «Бабалар үні» («Зов предков»), «Содан соң 2» («После 2»), «365 күн» («365 дней»), «Холоп» комедиясы және «Мұзды өлке – 2» («Холодное сердце 2») және «Малефисента 2» бар.

Үздік ондыққа Гай Ричидің «Джентльмендер» қылмыстық комедиясы мен өткен жылдың «Үздік фильмі» номинациясында «Оскар» сыйлығын және өзге де көптеген айтулы марапаттарды алған оңтүстік кореялық картина «Паразиттер» енген.

Сондай-ақ, отандық «Бизнес по-казахски в Корее» комедиясы да көп ізделгендер қатарында. «Жыл сериалы» санатының алғашқы үштігіне «Қағаз үй» («Бумажный дом»), «Элита» және «Қатыгез Стамбұл» («Жестокий Стамбул») телехикаялары енген.

«…дегенiмiз не?» деген сұрақты қойған қазақстандықтар Google-дан БСН, пандемия және БӘЖ-дің не екенін білгісі келіпті. Сонымен бірге IBAN, кластер, үстеу, эпитет, ҰАД, сөз тіркесі мен коронавирус мағыналары жиі қаралған. 2020 жылы «Жылдың сатып алынған заты» санатында үш жыл қатарынан – теміржол билеті алғашқы орында тұр. Одан бөлек осы жылы ел тұрғындарын пульсоксиметр, Алматы қаласынан үй, бассейн мен велосипед сатып алу жайлы ақпарат қызықтырған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: