Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Инклюзивті білім беру мәселелері қарастырылды

09.11.2020, 10:00 2959

HALYQLINE.KZ Қызылорда «Болашақ» университетінің «Педагогика, дефектология» кафедрасының Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы «ZOOM» платформасы арқылы «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары мен «Дефектология», «Педагогика және психология» мамандықтарының 3-курс студенттері қатысты. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсатына тәжірибе алмасу, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру принциптерін насихаттау және танымал ету жатады.

Дөңгелек үстел кафедра меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі М.Д.Қасымбекованың кіріспе сөзімен ашылды. Өткізіліп отырған дөңгелек үстелді ұйымдастырушы, кафедра оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі А.Ә.Рысқұлова инклюзивті білім беру мәселесіне қысқаша тоқталып, дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеттерін айтып өтті.

Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру саласымен ғылыми негізде айналысып жүрген ғалым, PhD А.Р.Рымханова «Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесіне педагог мамандар даярлау мәселесі» тақырыбында талдау жасап, өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл ретте ерекше айта кететін мәселе – педагогтарды даярлау мәселесі. Себебі инклюзивті білім беру педагог маманның қабілетіне тікелей байланысты.

Дөңгелек үстел аясында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларды ынталандырудың сәтті әдістері мен осындай қажеттілігі бар балалардың танымдық қызметін жандандыру, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, қолжетімді кедергісіз орта құру, инклюзивті білім беруді дамыту перспективалары негізіндегі тақырыптар қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында «Педагогика және психология» мамандығының 3-курс студенті А.Әлиәкімнің «Инклюзивті білім берудің қиындықтары, оларды шешу жолдары» және «Дефектология» мамандығының 3-курс студенттері А.Смаилованың «Шетелдегі инклюзивті білім беру» және Д.Төлтайдың «Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру» тақырыптары бойынша баяндамалар тыңдалды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: