Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мейірім шуағы төгілген күн

12.10.2020, 9:30 793

HALYQLINE.KZ  Қазалыда халықаралық мүгедектер күніне орай «Жүрек жылуы» атты мерекелік шара өтті. Шараға ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мерекелік басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мүмкіндігі шектеулі жандарды құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, осынау маңызды күнде мүгедек жандарға мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетілетінін жеткізіп, бірқатар азаматтарды «Алғыс хатпен» марапаттады. Мерекелік шараға қатысқандарға сый-құрмет көрсетті.

Айта кетейік, елімізде қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні ретінде аталып келеді. Бұл дата Біріккен ұлттар ұйымының ұйғарымымен 1992 жылдан бастап атап өтілуде. Мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша назар аудару.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: